Қазақстандық боксшылар Қытайда өтетін лицензиялық турнирге қатысады
Бокстан ерлер мен қыздар арасындағы Қазақстан Ұлттық құрамасы Қытайда өтетін Рио Олимпиадасына жолдама беруші Азиялық іріктеу турниріне аттанып кетті.
Турнирге аттанған бокстан ерлер арасындағы Ұлттық құрамасының қатарында 52 келіде Олжас Сәттібаев, 56 келіде Қайрат Ералиев, 64 келіде Абылайхан Жүсіпов, 75 келіде Жәнібек Әлімханұлы, 81 келіде Әділбек Ниязымбетов және +91 келіде Иван Дычко бар.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасында 49 келіде Біржан Жақып, 60 келіде Берік Әбдірахманов, 69 келі салмақта құрама капитаны Данияр Елеусінов пен 91 келідегі Василий Левит Рио Олимпиадасының жолдамасын иеленген.
Ал, лицензиялық турнирге қатысатын қыздар құрамасы төмендегідей:
51 кг: Назым Қызайбай.
60 кг: Назым Ищанова.
75 кг: Дариға Шәкімова.