Максим Раков дзюдодан Азия чемпионатында күміс медаль иеленді

Кувейттің астанасы Эль-Кувейтте дзюдодан Азия чемпионаты өтуде. Жарыстың екінші күні Қазақстан құрамасының бір спортшысы финалға, ал бес дзюдошы қола үшін белдесуге шыққан еді. Ұлттық құраманың тәжірибелі спортшысы Максим Раков (100 келіге дейін) Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. Финалда ол жапониялық Кайхан Тахагиге есе жіберді. Ал, «қола» үшін күрескен бес спортшының тек екеуі жеңіске жетті. 100 келіден артық салмақ дәрежесінде сынға түскен Ержан Шынкеев моңғолиялық Темуулен Баттулганы жеңіп, Азия чемпионатын 3-ші орынмен аяқтады. Ал, қыздар арасында 78 келіден жоғары салмақта күрескен Гүлжан Исанова Қырғыз елінің дзюдошысы Нағира Сарбашовадан басым түсіп, қола медаль ұтып алды. Бүгін аяқталатын Азия чемпионатында командалық жарыстар өтеді. Бұл сайысты «KAZsport» телеарнасы сағат 19:45-те тікелей эфирде көрсетеді.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы футболдан Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімінде J тобына жайғасты
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы атанды
«Астана» «Челсиге» есе жіберді
Қазақстандық ауыр атлет Әлем чемпионы атанды
Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды