Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында 5-ші орын алды

Кувейт астанасы Эль-Кувейтте дзюдодан Азия чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күні командалық сайыстар өтті. Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы қола медаль үшін күресті. Қазақстандық дзюдошы қыздар Азия чемпионатының қола жүлдесі үшін қытайлық Тайпей құрамасымен күресті. Татамиге алғашқы болып шыққан Ленария Мингазова құрама қоржынына алғашқы ұпай әкелген. Алайда, кейін Назгүл Құбашева (57 келі) мен Мариан Ордабаева (63 келі) қарсыластарына есе жіберді. 70 келі салмақ дәрежесінде төртінші болып күрескен Ділбар Өмірәлиева да қытайлық Тайпей елінің дзюдошысына ұтылып қалды. Ал, соңғы кезеңде Гүлжан Исанова (+78 келі) қарсыласын иппонмен жеңіп, тағы бір ұпай әкелген. Осылайша дзюдодан Қазақстанның әйелдер құрамасы 2:3 есебімен қытайлық Тайпейге есе жіберді.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы футболдан Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімінде J тобына жайғасты
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы атанды
«Астана» «Челсиге» есе жіберді
Қазақстандық ауыр атлет Әлем чемпионы атанды
Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды