Головкин-Уэйд жекпе-жегіне 3 күн қалды
WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) 23 сәуір күні (Астана уақытымен 24 сәуір) америкалық боксшы Доминик Уэйдке (18-0, 12 КО) қарсы жекпе-жекке шығады.
Назарларыңызға осы күнге дейінгі негізгі ақпараттардың шолуын ұсынамыз.
Ақпан айының басында еліміз бен шетелдік басылымыдарда Головкин мен Уэйд жекпе-жек өткізуі мүмкін деген ақпарат тараған болатын. Ал, нақты ресми ақпарат 11 ақпан күні белгілі болды.
19 ақпанда Головкин мен Уэйд Нью-Йоркте алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді.
11 наурызда Г.Головкин мен Д.Уэйд жекпе-жегіне 10 мың билет сатылды.
24 наурыз күні Головкин мен Уэйд жекпе-жектен 1 ай бұрынғы салмақ өлшеу рәсіміне қатысты. Сондай-ақ, 17 сәуір күні жекпе-жектен 1 апта бұрынғы салмақ өлшеу рәсімінен өтті.
Осы күнге дейін 34 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен Геннадий Головкин 8 сәуір күні 34 жасқа толды.
12 сәуір күні «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Головкин-Уэйд жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетудің эксклюзивті құқығына ие болды.
13 сәуірде Головкин-Уэйд бокс кешіне 14500 билет сатылды. Және дәл осы күні Геннадий Майкл Джордан брендімен келісімшартқа қол қойды.
15 сәуір күні Ұлттық арна көрермендер арасында «Головкин-Уэйд жекпе-жегінің нәтижесін тап та, Samsung смартфонын ұтып ал» байқауын жариялады.
Сонымен қатар, Головкин-Уэйд жекпе-жегі 24 сәуірде тікелей эфирде «Қазмедиа Орталығының» лэд-экрандарында көрсетілетін болды.
19 сәуірде Головкин-Уэйд жекпе-жегінің төрешілері белгілі болды.
20 сәуірде Головкиннің жақын досы Ұлттық арнада жекпе-жекке сарапшы болатыны хабарланды. Сондай-ақ, ол жекпе-жекке өз болжамын жасады.
Ал, Ермахан Ыбырайымов Геннадий Головкин 5-ші раундта жеңіске жететінін айтты.
Жекпе-жекке 3 күн қалғанда боксшылар Лос-Анджелесте ашық жаттығуды өткізді.
Сонымен қатар, Геннадий Головкин жекпе-жек алдында допинг тексеруден өтті.
Айта кетейік, жекпе-жекті 24 сәуірде 07:00-ден бастап «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен kaztrk.kz сайты тікелей эфирде көрсетеді.