Геннадий Головкин: Жеңісімді Елбасына арнаймын
WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) америкалық боксшы Доминик Уэйдке (18-0, 12 КО) қарсы жекпе-жек өткізіп, 2 раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді. Ол бұл жеңісін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арнағанын айтты.
ҚХА-ның XXIV сессиясында Ералы Тоғжанов Геннадий Головкиннің Елбасына жазған хатын оқып берді.
«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізді «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты ҚХА-ның XXIV сессиясының ашылуымен құттықтаймын. Сондай-ақ, мен жеңісімді Нұрсұлтан Назарбаев Сізге, еліме және халқыма арнаймын. Бейбітшілік пен келісім әрдайым біздің басты байлығымыз болып қалсын. Сізге зор денсаулық тілеймін», - делінген Г.Головкиннің Елбасына жазылған хатында.
Еске сала кетейік, 24 сәуір күні Геннадий Головкин америкалық боксшы Доминик Уэйдті 2 раундта нокаутпен жеңген болатын.
Бұл жекпе-жекті «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен Kaztrk.kz сайты тікелей эфирде көрсетті.