Головкин Лондонда баспасөз мәслихатын өткізеді
Орта салмақ дәрежесінде WBA (Super), IBO, IBF және WBC нұсқалары бойынша Әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Келл Брукпен жекпе-жегі алдында баспасөз мәслихатын өткізу үшін Ұлыбритания астанасына келді.
Сонымен қатар, жанкүйерлер «көзқарас дуэлінің» де куәгерлері болады. Британдық боксшы сол сәтті асыға күтіп жүргенін «Твиттердегі» парақшасында жазған еді, деп хабарлайды sports.kz.
Естеріңізге сала кетсек, Головкин-Брук жекпе-жегі 10 қыркүйекте Лондондағы 20 мың орындық О2 аренасында өтеді. Спорттық шоуға билеттер рекордтық уақыт ішінде сатылып кеткен.