Атақты боксшы Рой Джонс «Түнгі студия» бағдарламасында қонақта (ФОТО)
Жартылай ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Рой Джонс «Түнгі студия» бағдарламасында қонақта болды.
Танымал боксшы Қарағанды қаласында өтіп жатқан бокстан Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық турнирді тамашалап, Астанаға қарапайым адамдар мінетін пойызбен келген болатын. Жанында танымал бапкер Ғалым Жарылғаповтың немересі Әлихан Жарылғапов серігі ретінде жүрді.
«Қазақстанға келгеніме қуаныштымын. Қазақстан боксы жоғары деңгейде. Боксшыларыңыз өте мықты», - деді Рой Джонс.
Қазақстанның суық екенін айтқаннан кейін боксшыға қазақ халқының ұлттық бас киімі - тымақ тарту етілді.
Кейін көрермендерді толғандырған сан түрлі сұрақтарға жауап берді.
Бағдарламаның соңында «Can't Be Touched» әнін көрермендерге тарту етті.