Абылайхан Жүсіпов қытайлық қарсыласын жеңіп жартылай финалға шықты
69 келіге дейінгі салмақта қазақ боксшысы Абылайхан Жүсіпов ширек финалда қытайлық Лю Вэйді жеңіп, жартылай финалға шықты. Төрешілер отандасымызды айқын жеңімпаз ретінде таныды.
Үш раундта да шабуылда ширақ қимылдап, жойқын соққылары мен жылдам қимылдарымен ерекшелегенген Абылайханның жеңісіне төрешілер шүбә келтірмеді.
Жартылай финалда Абылайхан Жүсіпов моңғол Тувшинбат Биямбамен жұдырықтасады.