Сегіз қазақстандық боксшы Азия чемпионатының жартылай финалына өтті
Ташкентте бокстан Азия чемпионатының ширек финалдық жекпе-жектері аяқталды.
Жартылай финалға сегіз қазақстандық боксшылар өтті:
Азамат Исақұлов (52 кг),
Қайрат Ералиев (56 кг),
Бекдәулет Ибрагимов (64 кг),
Абылайхан Жүсіпов (69 кг),
Әбілхан Аманқұл (75 кг),
Ерік Альжанов (81 кг),
Василий Левит (91 кг)
Қамшыбек Құнқабаев (+91 кг)
Ал, Ержан Жомарт (49 кг) пен Әділет Құрметов (60 кг) құрлықтық додадағы ойындарын аяқтады.
Жартылай финал 5 мамыр күні өтеді.
Еске сала кетейік, чемпионатты тікелей эфирде «Kazsport» көрсетіп жатыр.