Қазақстандық дзюдошылар Еуропа чемпионатынан жүлделі оралды
12-13 мамыр күндері Ресейдің Орынбор қаласында дзюдодан ашық Еуропа кубогы өтті.
Бұл жарысқа әлемнің 16 елінен 279 дзюдошы, оның ішінде Қазақстан құрамасынан 27 спортшы қатысты.
Қазақстандық дзюдошылар екі күндік дүбірлі додада 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медальға қол жеткізіп, турнир кестесінде 2 орында жайғасты.
Жарыстың бірінші күнінде 73 келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан қазақстанды Нұрлан Оразалин қарсылас шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанды. Ал дәл осы салмақта Нұрлан Оразалинге жартылай финалда жол берген тағы бір отандасымыз Мадияр Сембаев жарыстың қола жүлдесін қанағат тұтты. Ал бұрымды балуандардан боз кілемде белдескен Назгүл Маратова 78 келіге дейінгі салмақта күміспен күптелсе, 70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ажар Салықова ел қоржынына екінші қоланы салды.