Қанат Ислам IBF рейтингінің үштігіне енді
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ дәрежесіндегі спортшыларды қамтитын рейтингті жария етті, деп хабарлайды Sports.kz.
Бірінші орта салмақ дәрежесіндегі Қанат Ислам алтыншы орыннан үшінші орынға көтерілді. Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров екі сатыға төмендеп, 14-орынға тұрақтады.