Головкин Қазақстанда әлемдік деңгейдегі жекпе-жек өткізгісі келеді
Бірқатар тұжырым бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин туған жері Қазақстанда барлық белдеулерін біріктіретін жекпе-жек өткізуі мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.
«Мен Қазақстанға үлкен айқасты әкелгім келеді, мұны бәрі қалайды. Бұл менің елім үшін, менің мансабым үшін өте маңызды. Маған біріктіруші жекпе-жек керек, үлкен боксшылармен үлкен айқастар жасау керек. Алдымда «Канеломен» жекпе-жек тұр. Мен Қазақстанға соңғы біріктіру айқасын әкелуім мүмкін», - деп келтіреді Геннадийдің сөзін Boxingscene.com.