Қанат Ислам келесі жекпе-жекке дайындығын бастады
9 қыркүйекте Астана қаласындағы Сарыарқа велотрегінде Қанат Исламның жекпе-жегі өтеді. Бокс кешінде басқа да 9 қазақстандық өнер көрсетеді деп күтілуде. Бұл туралы Қанат Исламның PR менеджері Берік Сұлтан өзінің Facebook парақшасында жазды.
«Қанат Ислам 9 қыркүйекте болатын жекпе-жекке дайындықты бастады. Қазір «QAZAQ» Алматы облысындағы AIBA бокс академиясының базасында жаттығуда. Қарсыласын 2-3 күнде жариялаймыз. Әзірге келіссөз жүргізілуде. 9 қыркүйекте Астанада жойқын дауыл болады», - деп жазды Берік Сұлтан.