Қанат Исламның спарринг қарсыласы: Куктың жеңіске жететін мүмкіндігі жоқ
Жеңіліп көрмеген канадалық боксшы Джордан Балмир (5-0, 3 КО) Қанат «QAZAQ» Ислам 24-0, 19 КО) өткізген спарринг туралы және отандасымыздың Брэндон Кукпен (18-0, 11 КО) өткізетін кездесуіне болжам жасады.
«Мен Қанат Исламның Флоридада спарринг қарсыласы болдым. Онымен өткізген төрт раундтың қорытындысы бойынша, мықты боксшы екенін түсіндім. Оның екі қолының да соққысы жойқын. Өте мықты. Алыс қашықтықта да, жақын қашықта мықты жұдырықтасады. Мен Кукты жақсы білемін. Қанат Исламның күшін өз басымнан өткіздім. Мұны айтқым келмейді, бірақ Куктың жеңіске жететін мүмкіндігі жоқ. Егер «QAZAQ» бар күшін салатын болса, Кукты есінен тандырып жіберуі мүмкін. Менің ойымша - Қанат Ислам нокаутпен жеңіске жетеді», - дейді Балмир.
Еске салайық, Қанат Ислам мен Брэндон Кук арасындағы кездесу 9 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында өтеді.