Ауыр салмақта өнер көрсететін Руслан Мырсатаев уақытысынан бұрын жеңіске жетті
Ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық Руслан Мырсатаев аргентиналық Андреас Матиас Афранлиді жеңді.
Жекпе-жек Астанадағы бокс кеші аясында өтті. Аталған бокс кешінің басты жекпе-жегі - қазақстандық Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Кук арасында өтетін кездесу.
Алты раундқа жоспарланған кездесу төрт раундта аяқталды. Мырсатаевтың дәл тиген соққыларынан үш рет нокдаунға түскен Афранли төртінші раундта Мырсатаевтың соққыларына төтеп бере алмай, төртінші рет нокдаунға түсті. Нәтижесінде кездесу техникалық нокаутпен аяқталды.
32 жастағы Мырсатаев кәсіпқой бокс мансабында төрт кездесу өткізіп, төртеуінде де жеңіске жетті. Жекпе-жектерінің бәрін Қазақстанда өткізген отандасымыз барлық кездесуін уақытысынан бұрын аяқтаған.
Айта кетейік, бұған дейін дәл осы бокс кешінде Мейірім Нұрсұлтанов, Димаш Ниязов, Айдос Ербосынұлы, Али Ахмедов және Нұрсұлтан Жаңабаев жеңіске жеткен болатын.
Естеріңізге сала кетейік, боксшылар арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирде «QAZAQSTAN» және «QAZSPORT» телеарналары көрсетіп жатыр.