Кәсіпқой боксшы Жүкембаевтың келесі қарсыласы белгілі болды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаевтың (9-0, 8KO) кезекті жекпе-жегінде кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды.
Отандасымыз келесі айқасын 27 қазан күні Канаданың Квебек қаласында панамалық Альберто Москуэрамен жұдырықтасады.
Москуэра 1987 жылғы. Кәсіпқой бокста 29 кездесу өткізіп, 24 рет жеңіске жеткен. 3 рет жеңілген және 2 жекпе-жегінде қарсыласымен тең түскен. 16 қарсыласын нокаутпен ұтқан.
Ал қазақстандық Батыр Жүкембаев осыған дейін 9 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. 8 кездесуінде қарсыластарын нокаутпен ұтты.
Қос боксшы арасындағы жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған.
inform.kz