Головкиннің промоутері: Соңғы екі жекпе-жекке дейін төрешілер жайлы бас қатырмайтын едік
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (49-1-2, 34 КО) өткен жекпе-жектен кейін енді барлығына жіті назар аударатынын, сондай-ақ, тағайындалатын төрешілерге де назар аударатынын мәлімдеді.
«Вегаста бірдеңе дұрыс болмады және енді біз мұндай жағдай тағы да қайталанбайды деп сенуіміз керек. Головкин осыған дейінгі соңғы екі жекпе-жегінде бірнеше нокаут жасады, ол кезде бізге тіпті төрешілер жайлы ойланудың қажеті болған жоқ. Ал, енді біз осы мәселеге және жекпе-жекке қатысты басқа да мәселелерге назар аударатын боламыз», - деп келтірді промоутердің сөзін Daily Mail.
Естеріңізге сала кетейік, 17 қыркүйек күні Лас-Вегаста өткен Головкин - Альварес жекпе-жегі 12 раундқа созылып, боксшылар тең түскен еді.