"Канелоға" қандай жаза қолдануы мүмкін?
Los Angeles Times басылымы Невада шатытының атлетикалық комиссиясының (NSAC) басшысы Боб Беннеттің мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қатысты шағымының бір бөлігін жариялады. Шағым бүгін 30 наурызда жасалды.
Шағымда "Канелоны" спорттан бір жылға шеттету керектігі айтылған. Сегіз парақтан тұратын шағымда мексикалықтың "жарысқа зиян келтірген кездейсоқ немесе спортқа қайшы әрекет жасағанына кінәлі" екені айтылған.
Жарыс ретінде Головкин мен Альварестің екніші жекпе-жегі меңзелгені хабарланып отыр.
Айта кетейік, 28 наурызда ESPN арнасының сарапшысы және Америкадағы танымал бокс шолушысы Дэн Рафаэль Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек күні (5 мамыр) өзгеруі мүмкін деген болжам жасаған.
29 наурызда қазақстандық және мексикалық боксшы арасындағы қарымта жекпе-жекті ұйымдастырушылар жарнамалық науқанды тоқтатқаны хабарланды. Los Angeles Times баылымының жазуынша, Golden Boy Promotions жекпе-жекке қатысты барлық шараларды тоқтатты, HBO арнасы да жарнамалауды уақытша үзді, ал MGM Resorts билет құнын қайтаруға дайын екендерін жеткізді.
Ал Головкиннің промоутері Том Леффлер комиссия Альвареске қатысты қандай шешім шығарса да, қазақстандық 5 мамырда шаршы алаңға шығатынын мәлімдеген.
Еске салайық, Головкинмен қарымта кездесуге екі ай қалғанда Альварестің қанынан кленбутерол атты допинг табылған. Невада штатының Атлетикалық комиссиясы Альваресті әзірге жекпе-жектерден шеттетті. Қорытынды шешім 10 сәуірде шығады деп белгіленген. Алайда, соңғы ақпараттарға сүйенсек, қорытынды шешім уақыты 18 сәуірге дейін созылуы мүмкін.