Еркін Дәрменов қарсыласын 30 секундта нокаутқа жіберді
15 сәуір күні Шешенстанда аралас жекпе-жектен «Berkut Young Eagles 2»: Гран-при 2018 турнирі өтті. Оған Қазақстанның үш бірдей спортшысы қатысты.
Ақтөбелік файтер Райымбек Орынбай Ресей өкілі Юсуф-Хаджи Зубайриевпен кездесті. Екі раундтқа созылған жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті ресейлікке берді.
Қарағандыдан барған Никита Ермолаев та Ресей спортшысы Мұса Висенгериевке есе жіберді, бұл жолы техникалық нокаут тіркелді.
Қазақстандықтардың үшінші өкілі, астаналық Еркін Дәрменов жергілікті «Беркут» клубының файтері Ахмед Магомедовке қарсы октагонға кірді. Кездесу небәрі 30 секундқа созылды. Еркін қарсыласын жарты-ақ минутта терең нокаутқа жіберді. Осы жеңіс Дәрменовтің Гран-придің ширек финалына шығуына мүмкіндік берді.
sport.inform.kz