Қазақстан жастар құрамасының 8 мүшесі Бангкоктағы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты.
Бокстан Қазақстан жастар құрамасының 8 мүшесі Бангкоктағы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты.
Махмұд Сабырхан (49 кг), Бейбарыс Жексен (56 кг), Талғат Шәйкенов (64 кг), Ермахан Жақпеков (69 кг), Нұрбек Оралбай (75 кг), Сағындық Тоғымбеков (81 кг), Айбек Оралбай (91 кг дейін) және Дамир Тойбай (91 кг жоғары) өздерінің 1/4 финалдағы кездесулерін жеңіспен аяқтады.
Тек Рахат Сейітжан (60 кг дейін) ғана үздік төрттіктің қатарына ене алмай қалды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қыздар арасында да 2 спортшы финалға жолдама алса, тағы 8-і жартылай финалға шыққан еді.