Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында 10 алтын медаль алды
Бангкокта өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық боксшылар 10 алтын медаль жеңіп алды.
Тайланд астанасында Ғалымбек Кенжебаев пен Алмаз Қуатбеков бастаған қазақ боксшылары сары құрлықтың мықтылары кім екенін тағы бір дәлелдеп қайтты. Жігіттер 6 алтын, қыздар 4 алтын медаль олжалады. Бұдан бөлек команда қоржынында тағы 4 күміс, 4 қола жүлде бар.
Азия чемпионында топ жарған қазақстандықтар: Махмуд Сабырхан (49), Талғат Шайкен (64), Ермахан Жакпеков (69), Сағындык Тоғамбай (81), Айбек Оралбай (91), Дамир Тойбай (+91), Жансая Абдраимова (51), Надя Рябец (75), Гузаль Садықова (81) және Дина Исламбекова (+81).
Күміс медаль алғандар: Нұрбек Оралбай (75), Майя Бейсебаева (69), Айзада Исламғали (54), Еркежан Даулетжанкызы (57).
Қола жүлдегерлер - Бейбарыса Жексен (56), Әнел Құдайберген (48), Мария Гладкова (60) және Жұлдыз Тойықова (64).
Жалпы командалық есепте отандастарымыз жеке-дара көш бастады. Біздің елден бөлек Тайланд құрамасы төрт алтын, Үндістан үш алтын, Өзбекстан, Вьетнам, КХДР елдері бір-бір алтыннан алды.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер тамыз айында Венгрияда өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды.
kfb.kz