Азия Ойындарына қатысатын дзюдошылардың құрамы белгілі болды
18 тамыз бен 2 қыркүйек күндері Индонезияда Азия ойындары өтеді. XVIII жазғы Азия ойындарында 42 спорт түрінен 476 медаль сарапқа салынады. Ал, дзюдо бойынша сайыстар 29 тамыз бен 1 қыркүйек күндеріне белгіленген.
XVIII жазғы Азия ойындарына қатысатын дзюдодан Ұлттық құрама командасының тізімі мынадай:
Ерлер
Елдос Сметов (-60 кг)
Елдос Жұмақанов (-66кг)
Жансай Смағұлов (-73 кг)
Дидар Хамза (-81 кг)
Ислам Бозбаев (-90 кг)
Виктор Демьяненко (-100 кг)
Санжар Жабборов (+100 кг)
Ерасыл Қажыбаев (mix)
Әйелдер
Отгонцэцэг Галбадрах (-48 кг)
Камшат Қарасайқызы(-52 кг)
Севара Нишанбаева (-57 кг)
Иоланта Бердибекова (-63 кг)
Зере Бектасқызы (-70 кг)
Зарина Райфова (-78 кг)
Гүлжан Исанова (+78 кг
Дзюдодан Қазақстан Ұлттық құрама командасы жылдың басты додасына қатысу үшін Индонезияға 25 тамыз күні аттанады.