Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой боксқа ауысты
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы белгілі бокс менеджері Эгис Климаспен келісімге келді. Бұл туралы әйгілі менеджер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
Жәнібек Әлімханұлы осыдан бірер күн бұрын ашық жаттығу өткізіп, өзінің кәсіпқой боксқа ауысатындығы туралы мәлімдеген еді.
Эгис Клсиман қазіргі таңда Қанат Ислам (25-0, 20 КО), Мейірім Нұрсұлтанов (6-0, 5 КО), Сағадат Рахманқұлов (2-0, 1 КО) секілді қазақстандық боксшылардың жұмысын жүргізуде. Сондай-ақ, Василий Ломаченко (10-1, 8 КО), Александр Гвоздик (15-0, 12 КО), Александр Усик (14-0, 11 КО) Сергей Ковалев (31-2-1, 27 КО) сынды чемпиондардыңда менеджері болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы әуесқой бокста орта салмақта өнер көрсетіп, 2013 жылы Әлем және Азия чемпионы, 2014 жылы Инчхонда өткен жазғы Азия ойындарында жеңіске жеткен еді.