Сауль Альварес The Ring журналының чемпиондық белбеуінен айырылды
Бокс әлеміндегі беделді журналдардың бірі The Ring Сауль "Канело" Альваресті өз рейтингінен шығарып, мексикалыққа тиесілі чемпиондық белбеуінен айыру туралы шешімге келді.
Журналдың редакторлар алқасының мұндай шешімге келуінің басты себебі спортшының допинг дауына ұшырап, бокстан 6 ай мерзімге шеттетілуі болып отыр. Айта кетерлігі, "Канело" үлкен спортқа қайта оралған сәтте рейтинг құрамына қайта оралады, бірақ чемпиондық белбеуді қайтарып алуы екіталай. Себебі белбеу қазіргі таңда бос болғандықтан, басқа үміткер боксшылар арасында сарапқа салынуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, мексикалық боксшы ақпан айында допинг дауына ұшырап, 6 ай мерзімге спорттан шеттетілген болатын.