Шаршы алаңда жеңіліп көрмеген отандасымыз Дәулет Дәукеновтің қарсыласы анықталды
Қазақстандық былғары қолғапты батырымыз Дәулет Дәукенов (5-0,3KO) 14-шілде күні Ресейдің Екатеринбург қаласында өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді.Ол өзбекстандық Зиёвиддин Тохировпен (4-2 4KO) кездеседі.
Осыған дейінгі жекпе-жегін Дәулет сәуір айының 18-де өткізген еді. Ол кезде басқа бір өзбекстандық Машуд Жұмаевты ( 12-16-1 6КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын. Осы бокс кешінде тағы бір отандасымыз аса жеңіл салмақта өнер көрсететін Мадияр Жанұзақта жұдырықтасады. Оның қарсыласы болып Филиппин елінің өкілі Альфоэ Дагайлоан (9-2-5, 3KO) көзделіп отыр.