Азия ойындарында Қазақстан жалауын Әбілхан Аманқұл көтеріп шығады
Әбілхан Аманқұл 18 тамыз күні Индонезия елінің Джакарта қаласында өтетін XXVIII Жазғы Азия ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан жалауын көтеріп шығады.
Әбілхан Аманқұл бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі. 2017 жылғы Әлем чемпионатының жүлдегері (Гамбур Германия), Қазақстан чемпионы (2016), Азия чемпионатының қола жүлдегері (2017). Жасөспірімдер арасында өткен бірнеше турнирдің жеңімпазы.
Жалпы, Азия ойындарында 462 медальдар жиынтығы сарапқа салынады, оның ішінде 332 жүлде олимпиядалық спорт түрінен. Қазақстан құрамасы 25 олимпиадалық спорт түріндегі 38 спорттық дисциплинадан сынға түспек. Олимпиадалық спорт түрлерінен 419 спортшы жарыс жолына шығады деп күтілуде.
Естерңізіге сала кетейік, 2014 жылы Оңтүстік Корея елінде өткен Азия ойындарында көк байрағымызды боксшы Әділбек Ниязымбетов ұстап шыққан еді. Бұл жолы да мұндай абыройлы міндет боксшыларымызға беріліп отыр.