Геннадий Головкин әлемнің ең көп табыс табатын боксшылар тізімінде екінші орында
Forbes журналы боксшылардың жаңа рейтингін «қаржылай» жағдайын жариялады.
Жартылай ауыр салмақта WBA Super, WBC және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) өзінің екінші орнын сақтап қалды.
Геннадий Головкин 6 мамыр күні Ванес Мартиросиянмен өткен жекпе-жекте 1 миллион доллар пайда тапты. Канелоның басы допинг дауына ұшырап жоспарланған реванш өтпей қалған. Сол кезде отандасымыз жекпе-жектен 20 миллион сыйақы алатын еді. Енді Канело-Головкин арасындағы реванш 15-ші қыркүйекте өтеді. Өткен жолғы рейтингте Головкиннің қарсыласы Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) үшінші орында болған, бірақ Forbes редакциясы бұл жолы мехсикалық боксшыны GGG-мен теңестіруді жөн санапты. «Біз Канелоны тізімде екінші сатыға шығардық, себебі ол Головкинмен жұдырықтасқан күні көп қаржы табады», — деп жазады Forbes.
Forbes рейтингі төмендегідей:
1. Энтони Джошуа (1)
2. Геннадий Головкин (2)
2. Сауль Альварес (3)
4. Василий Ломаченко (4)
5. Теренс Кроуфорд (7)
6. Эррол Спенс (6)
7. Деонтей Уайлдер (5)
8. Сергей Ковалев (8)
9. Дэниэл Джейкобс (9)
10. Майки Гарсия (10)