Бүкіләлемдік бокс сериясының финалдық кездесуі Қытайда өтеді
Бұл туралы кубалық «Juventud Rebelde» басылымы хабарлады. Дереккөзге сүйенсек финалдық кездесу 30 қарашаға жоспарланған.
Бұған дейін «Астана арландары» мен «Куба қабыландары» арасындағы финалдық кездесудің Қытай немесе Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетіні хабарланған болатын. Ұйымдастырушы тарап бейтарап елді таңдауды мақұл көргені белгілі. Олардың айтуынша, екі команда арасындағы шайқас Қазақстан, Куба елдерінде өткен жағдайда шаршы алаң қожайындарына басымдық берілуі ықтимал. Сол себепті бейтарап елді таңдау туралы шешім қабылданған.