Үш боксшымыз финалға шықты
Буэнос-Айресте өтіп жатқан Жасөспірімдер олимпиадасының ақтық сынына үш боксшымыз жолдама алды.
64 келіде сынға түскен Талғат Шәйкен марокколық спортшыны үшінші раундта екі рет нокдаунға жіберген соң төреші кездесуді уақытынан бұрын тоқтатты. Финалда Талғат ресейлік боксшымен қолғап түйістіреді.
91 келі салмақта ел намысын Айбек Оралбай сенімді қорғап келеді. Ол жартылай финалда пуэрторикалық Элвин Каналесті еш қиындықсыз жеңді. Олимпиада ойындарының ақтық сынында алжирлік Мохаммед Хасидпен алтын үшін күш сынасады.
Аса ауыр салмақта Дамир Тойбай да жартылай финалдан еш қиналмастан өтті. Ол канада елінің спортшысы Тетлуа Чуолды тізе бүктірді. Енді финалда ресейлік Алексей Дроновпен кездеседі.