Головкиннің келесі қарсыласы кім болуы мүмкін?
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (50-1-2, 34 КО) өткен екінші жекпе-жегінен кейінгі уақытша шеттеу мерзімі аяқталды.
Енді отандасымыз өзіне кезекті қарсылас іздеп, жаттығуларын бастай беруіне болады. Қазіргі таңда Головкиннің промоутері Том Леффлердің хабарлауы бойынша қазақстандық боксшы 2019 жылдың көктемінде Бүкіләлемдік бокс сериясының (WBSS) жеңімпазы, екінші орта салмақта WBA Super чемпионы британдық Каллум Смитпен кездесуі мүмкін.
Тағы бір дерек көздеріне сүйенсек Головкин WBO тұжырымдамасының жаңа чемпионы Деметриус Андрадемен немесе IBF чемпионы Даниэль Джейкобспен екінші рет жекпе-жек өткізеді деп күтілуде.
Қазіргі таңда Головкиннің НВО арнасымен жекпе-жек кештерін көрсетуге арналған келісімшарты аяқталды. Алдағы уақытта Головкин мексикалық Сауль Альварес секілді DAZN компаниясымен келісуі мүмкін. Солай болған жағдайда Головкин – Канело арасындағы үшінші кездесуді көріп қалуымыз әбден мүмкін.
Ал, Альварес келесі жекпе-жегін 15 желтоқсан Нью-йорктегі Madison Square Garden шаршы алаңында өткізеді. Оның қарсыласы екінші орта салмақта WBA Regular чемпионы британиялық Рокки Филдинг (27-1, 15 КО).