Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Әлем чемпионатына қатысады
15-24 қараша аралығында Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасындағы Әлем чемпионаты өтеді. Әлемдік додада қазақстандық спортшылар да бақ сынайды.
Олардың қатарында Айгерім Қасенаева (48 кг), Жайна Шекербекова (51 кг), Дина Жоламан (54 кг), Назым Ищанова (57 кг), Карина Ибрагимова (60 кг), Милана Сафронова (64 кг), Ақерке Бақытжан (69 кг), Аида Оңдаш (75 кг), Фариза Шолтай (81 кг) и Ляззат Күнгейбаева (+81 кг).
Бүгін құрама спортшылары Нью-Дели қаласына жетіп, жатығғу жұмыстарын бастап кетті.
Фото: ҚР Бокс федерациясы