Карина Ибрагимова бокстан Әлем чемпионатының қола жүлдегері
Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында ел қоржынына қол медаль түсті.
60 келі салмақта байрақты бәсекенің жартылай финалына жеткен Карина Ибрагимова ирландиядық Кетти Харрингтонмен кездесіп, төрешілер шешімі бойынша жеңіліс тапты. Осылайша, Карина өзі алғаш рет қатысып отырған әлемдік сында үздік үштікке еніп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, ел құрамасынан 51 келідегі Жайна Шекербекова да финал жолдамасына таласады.
Фото: ҚР ҰОК