Қазақстандық дзюдошылар әлем рейтингінде жоғарылады
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) 20-27 қыркүйек күндері Бакуде өткен Әлем чемпионатынан кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты. Жаңа әлемдік рейтингте Әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған қазақстандық Ерлан Серікжанов 36-шы орыннан 16-шы орынға, Әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына қола жүлдені салған Отгонцэцэг Галбадрах 7-ші орыннан 5-ші орынға көтерілді. Айта кетерлігі, халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес, әлем чемпионы атанған спортшыға әлем рейтингінде 2000 ұпай, күміс жүлдегерге - 1400, ал қола жүлдегерге 1000 ұпай қосылды.
Әлемдік рейтингтегі қазақстандық дзюдошылар орны келесідей:
Ерлер:
60 кг
Ғұсман Қырғызбаев – 6 (3561)
Елдос Сметов – 15 (2145)
Рустам Ибраев – 47 (728)
66 кг
Елдос Жұмақанов – 9 (2987)
Ерлан Серікжанов – 16 (2464)
73 кг
Жансай Смағұлов – 9 (3034)
81 кг
Дидар Хамза – 33 (1414)
90 кг
Ислам Бозбаев – 13 (2614)
-100 кг
Виктор Демьяненко – 33 (1157)
+100 кг
Әйелдер:
48 кг
Отгонцэцэг Галбадрах – 5 (4435)
63 кг
Севара Нишанбаева – 20 (1746)
70 кг
Зере Бектасқызы – 41 (766)
-78 кг
Зарина Райфова – 26 (1278)
+78 кг
Гүлжан Исанова – 24 (1479)
Камила Берліқаш – 49 (524)