Моңғолиядағы қазақтар құсбегілікті жаңғыртуға үлкен үлес қосуда
Қазақ елінде ұйымдастырылған бүркітшілер фестиваліне көптеген елден мейман келді. Олардың ішінде Моңғолия елінің бүркітшілері де бар. Бұл жарысқа қатысқан он бүркітшінің екеуі жүлде алды.
Моңғолияда 2000 жылы Бүркітшілер одағы құрылған. Оның мақсаты – қазақтың төл өнерін бәз қалпында сақтау, алыс-жақын елдерге таныстыру, ұрпақтан ұрпаққа қалдыру. Осы уақыттан бастап Моңғолияда жыл сайын қазанның алғашқы жұмасында дәстүрлі бүркітшілер тойы өткізіледі. Бұл тойға алыс-жақын шетелден саяхатшылар арнайы барады екен.
Моңғолия Бүркітшілер қоғамының төрағасы Медеухан Сайполдаұлы Баян-Өлгей аймағындағы қазақтар құсбегілікті жаңғыртуға үлкен үлес қосып отыр дейді. 2010 жылы құсбегілік ЮНЕСКО-ның құнды мұралар тізіміне енгізілген.