Жылқы жылы ат спорты дами түспек
Ақтөбеде ат құлағында ойнауға әуес жастар көбейіп келеді. Өңірдегі шағын спорт мектебінде қазір 400 жасөспірім жылқыны ерттеп жүр. Мұнда қазақы тұқымды 20 сәйгүлік бар. Шабыстан өзге аударыспақ, көкпар, теңге ілу жарыстарына қатысады.
Ұлттық спорт түрлері сайыстарында республика бойынша ақтөбеліктер алдыңғы бестікте. Әлі де алар асу көп. Ол үшін жүйрік жылқы мен епті шабандоз қажет. Қазір балалар қысқы жабық алаңда жаттығады. Жуырда ашық алаң іске қосылып, ат спортын жандандыруға күш салынбақ.
Фото: yvision.kz