Қазақстан көкпарды патенттеу мақсатында жұмыс істеуде – Т.Есентаев
Қазақстан көкпарды патенттеу мақсатында жұмыс істеуде. Бұл туралы бүгiн Астанада Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгiнiң төрағасы Тастанбек Есентаев мәлiм еттi.
«Көкпардан бiздiң елде былтыр алғаш рет Азия ойындары өттi. Көкпарға қатысты Азия елдерiнде көп тартыс бар. Қырғыздарымыз көкбөрi дейдi, бiз көкпар деймiз, ендi түркiтiлдес елдер арасында екi күн бұрын Түркияда жиналып, түркi ойындарын өткiзу жоспарлаған болатынбыз. Бiздiң ғалымдар, Түрiк университетiнiң мамандары осы ойын түрiн қалай атаймыз, қалай дамытамыз деген сауалдың төңiрегiнде талқылаулар жүргiзедi. Бiз өз тарапымыздан көкпар және өзге де ұлттық спорт түрлерiн патенттеп алу бағытында жұмыс істеп жатырмыз», - деп атап өттi ол.
Фото: [Рейтер/Шамиль Жуматов]