«Қазақстан барысының» төртінші маусымы ашылады
Ертең, 12 наурыз күні Астанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің төртінші маусымының ашылуына орай баспасөз мәслихаты өтеді.
Жобаның финалдық сынына жолдама алатын палуандар есімі наурыз айында басталатын 3 іріктеу кезеңінен соң анықталады. Салмағы 80 келіден жоғары, жасы 18-ге толған әрбір палуанның «Қазақстан Барысы» жобасында бақ сынап, «Барыс» атануына мүмкіндігі бар.
Баспасөз мәслихатына ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы - Тастанбек Есентаев, «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры Қамқорлық кеңесінің төрағасы – Арман Шораев, «Астана» ППСК президенті – Бақтияр Артаев қатысады.