«Қазақстан барысы-2014» финалдық кезеңіне жолдама берілетін белдесулердің мерзімі анықталды
Қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің төртінші маусымы еліміздің барлық өңірінде басталды. Мыңдаған түйепалуандар ақтық бәсекеге өтуге үмітті. Мамандар бұл маусым аса қызықты болады деп болжам жасауда. Өйткені, жаңа палуандардың есімдері белгілі болмақ.
Дегенмен жас палуандарға «Қазақстан Барысы» атағының иегерлері Ұлан Рысқұл мен Бейбіт Ыстыбаев қарсы тұрады. Ал өткен маусымның жеңімпазы Айбек Нұғымаров қарсыласытарын тек ақтық сында күтеді.
Бұл маусымда жарақаттарына байланысты Виктор Демьяненко мен Максим Гербер қатыспайды. Олар келесі маусымға тыңғылықты дайындық жүргізбек. Ал жас палуандарға олардың орнын басуға мүмкіндік туып отыр.
Әзірге финалға дейінгі белдесулердің мерзімі бекітілген. Оның қорытындысы бойынша 29 маусым күні бозкілемге шығантын палуандардың есімдері анықталады.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы-2014» турнирінің ІІІ іріктеу кезеңі.
1. 26-27 сәуір. Қызылорда облысы.
2. 27 сәуір. Павлодар облысы.
3. 29 сәуір Астана қаласы.
4. 2-3 мамыр. Қарағанды облысы.
5. 4 мамыр. Ақтөбе облысы.
6. 5 мамыр. Жамбыл облысы.
7. 7 мамыр. Солтүстік Қазақстан облысы.
8. 7 мамыр. Оңтүстік Қазақстан облысы.
9. 7-8 мамыр. Шығыс Қазақстан облысы.
10. 8-9 мамыр. Маңғыстау облысы.
11. 10 мамыр. Атырау облысы.
12. 10 мамыр. Алматы қаласы.
13. 11 мамыр. Ақмола облысы.
14. 15-17 мамыр. Қостанай облысы.
15. 17 мамыр. Алматы облысы.
16. 17 мамыр. Батыс Қазақстан облысы.