Бүгін Алматыда қазақ күресінен «Алматы барысы» турнирі басталды
Бүгін Алматыда қазақ күресінен «Алматы барысы» турнирі басталды. Додаға 14 палуан қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Осы турнирде бірінші және екінші орын алған палуандар «Қазақстан Барысы» республикалық біріншілігіне қатысады. Бүгінгі сайысқа сәуір айында өткен аудандық жарыстарда топ жарған 14 палуан қатысуда. Олар «Түйе палуан» жүйесі бойынша бақтарын сынауда. Яғни, мұнда белгілі бір салмақ категориялары жоқ. Тек сайысқа қатысатын палуанның салмағы 80 килограммнан асуы керек», - деді Алматы қаласы бойынша қазақ күресінің аға бапкері Ермек Насиев.
Бүгінгі турнирде бірінші және екінші орын алған палуандар «Қазақстан Барысы» турниріне жолдама алады.
Айта кетейік, «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі Астана қаласында 29 маусым күні сағат 13.00-де «Сарыарқа» велотрегінде өтеді.