Бішкекте алғаш рет Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді
Бішкекте биылғы жылдың 15-20 қыркүйегінде алғаш рет Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Ойындарға Қазақстан да қатысады. Шараның мақсаты - ұлттық спорт түрлерін одан әрі дамыту, ұлт денсаулығы мен халықтар достығын нығайту.
Спортшылар 5 түрлі ойыннан сынға түседі: олар – тоғызқұмалақ, күрес, көкпар, аударыспақ және бәйге. Жарысқа Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Ресей, Түркия және Әзірбайжан спортшылары шақырылған. Ойындар халықаралық ережелерге сәйкес ұйымдастырылады.