Талдықорғанда қыздар арасында қазақша күрестен тұңғыш чемпионат өтті
Талдықорғанда қазақша күрестен қыздар арасында тұңғыш рет өткен Қазақстан чемпионаты аяқталды. Турнирге 62 палуан қатысты.
55 келіге дейін салмақта Шығыс Қазақстан облысының палуаны Анна Казюлина топ жарды. 65 келіге дейін алматылық Зәмзәгүл Файзолланова чемпион атанды.
Қостанайлық Марина Мамонтова 75 келіге дейінгі салмақта жеңіске жетсе, 75 келіден жоғары салмақта павлодарлық Зарина Байбатинаға тең келер ешкім болмады.
55 келіге дейін
1. Анна Казюлина (ШҚО)
2. Олеся Куценко (Маңғыстау облысы)
3. Гаухар Тұрмаханова (ОҚО), Ләйлә Қонысбаева (Алматы)
65 келіге дейін
1. Зәмзәгүл Файзолланова (Алматы)
2. Файза Әділбаева (Алматы)
3. Мархабат Қуатбекова (Павлодар), Жанар Қашкын (Алматы облысы)
75 келіге дейін
1. Марина Мамонтова (Қостанай)
2. Ақтолқын Смағанбетова (Жамбыл облысы)
3. Перизат Жақыпбекова (ОҚО), Қалжан Тайжанова (Атырау)
75 келіден жоғары
1. Зарина Байбатина (Павлодар)
2. Алмагүл Кашина (Павлодар)
3. Арайлым Шегенова (Жамбыл облысы), Арайлым Мырзанова (ОҚО)