Алматыда ұлттық спорт түрлерінен ел чемпионаты өтеді
Алматы қаласында 30 шілде мен 5 тамыз аралығында көкпар, аударыспақ және теңге ілуден жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.
Жарысқа әр облыс пен Астана, Алматы қалаларынан 1996-1998 жылдар аралығында туған жасөспірім спортшылар қатысады деп жоспарлануда, деп хабарланған ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының сайтында.
Чемпионат ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2014 жылға арналған бұқаралық-спорттық, сауықтыру іс-шаралары мен республикалық және халықаралық негізгі жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес өткізіледі.
Жарыс бағдарламасы бойынша, 30 шілде күні спортшылардың орналасқанынан кейін мандат комиссиясы мен төрешілер алқасының отырысы өткізіледі.