Түрік халықтарының ойындары қайта жанданбақ
Түркітілдес мемлекеттер мен халықтардың арасындағы 3-10 жас аралығындағы балаларға арналған ойындар мен ойыншықтар жасалады.
Бұл туралы «Түркі әлемінің ортақ құндылықтары» тақырыбында өткен халықаралық ғылыми жиында мәлім болды. Ұйымдастырушылар ойындарға қатысты мәлімет жинау үшін Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей мен Қытай елдері мен түркітілдес халық көп шоғырланған мекендерге барып, зерттеу жүргізбек.
«Астананың іргесіндегі орналасқан Қоянды ауылындағы қазақ ойындарын көріп, қатты таң қалдым. Ойынның атауында аздаған өзгерісі болмаса, біраз ойынымыз бірдей екен»,-деді жобаның ғылыми кеңесшісі Тимур Коджаоглу.
Сондай-ақ, Түркі әлемі балалар ойыны мен ойыншықтарына қатысты олимпиада өткізіп, арнайы мұражай ашу жоспарлануда.