Тоғызқұмалақ ЮНЕСКО назарында
Елордада ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиялардың аймақаралық кеңесіне келген делегаттарға қазақтың ғана емес, түбi бiр түркi жұртының ұлттық спорт пен ойын түрлерiн көрсетілді. Оның ішінде тоғызқұмалақ та таныстырылды.
Айда, Айым және Еркебұлан атты жас тоғызқұмалақшылар шетелдік қонақтарға тоғызқұмалақтың қалай ойналатынын көрсетті.
Әсіресе, 11 сынып оқушысы Дүрияш Қаратайқызының шәкірті Айда Компаева ұлттық ойынды ағылшын тілінде түсіндіріп, үлкен қызмет атқарды.
Таныстырылым басында қонақтар тоғызқұмалақты әр түрлі тақталарда ойнап, ойынның әсемдігіне куә болды.