Құсбегі Күнтуған Тоқтыбайұлы өмірден озды
Бүркітші Күнтуған Тоқтыбайұлы өмірден озды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ресми сайты.
Тоқтыбаевтар әулеті атадан балаға құсбегілік өнерді дарытып, дәстүрді жалғастырып келе жатқан құсбегілер әулеті.
Асыл мұраны дәріптеген Күнтуған ақсақалдың жолын ұрпағы жалғастырып келеді.
Біздің анықтама:
Кунтуған Тоқтыбайұлы - ҚР Спорт шебері, саятшылықтан Қазақстан Республикасының чемпионы. Күнтуған ақсақал жасы 60-тан асса да, ит жүгіртіп, құс салып, бабадан қалған киелі өнерді жанына серік етті.
Саятшылық, құсбегіліктен өткен «Сонар» «Салбурын» сияқты, халықаралық, республикалық, облыстық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы.
Сонымен қатар, Күнтуған қария жас саятшы, құсбегілерді тәрбиелеу, оларды үйрету, құсбегілік ТУРАЛЫ алғашқы мағлұмат берудегі оқу әдістемелік құрал «Бүркіт» атты кітаптың авторы.