160 тұлпар бәсекеге түсетін «Алтын тұлпар» Республикалық аламан бәйге өтеді
Астана қаласының маңында 14-ші қыркүйек күні «Нұр Отан» партиясының ХV жылдығына арналған 43 шақырым қашықтық бойынша аламан бәйгеден «Алтын тұлпар» республикалық турнирі өтеді, деп хабарлайды ulttyqsport.kz сайты.
Турнирге Астана мен Алматы қалалары мен республикамыздың 14 облысынан 160 тұлпар бәсекеге түседі.
«Алтын тұлпар» турнирінің ережесі бойынша, бәйгеге аттардың барлық тұқымдары қатыстырылып, жасы 12-ден асқан шабандоздар жарысқа жіберіледі. Шабандоздың жылқыны басқаруға икемі, арнайы дайындығы және ата-анасының заңды рұқсаты болуы керек. Жарыс ережесінде бекітілгендей, бәйгеге қатысушы шабандоз қыркүйек айының 8-не дейін өтінім беруі тиіс.
«Алтын тұлпар» республикалық бәйгесі салтанатты түрде 14-қыркүйек, сағат 12-00-де ашылады.
Турнирді ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Нұр Отан» партиясы қолдауымен өткізеді. «Алтын тұлпар» турнирінің бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры.