ҚР Ата Заңы күніне арналған ұлттық спорт түрлерінің жарысы басталды
Алматы облысы Жамбыл ауданындағы «Көкбастау» ипподромында Конституция күніне орай Президент Кубогына ұлттық ат спорты түрлерінен жарыс басталды, деп хабарлайды strategy2050.kz облыстың әкімдігінде сілтеме жасап.
Ән-шашумен басталған шарада облыс әкімі Амандық Баталов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Облыс басшысының айтуынша, биыл өңірде ұлттық ат спорты түрлерін дамытуға жергілікті бюджеттен 43,8 миллион теңге бөлінген.
Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған тұлпарлар 11 шақырымдық құнан бәйге, 9 шақырымға жорға жарыс, 16 шақырымдық топ бәйге, 25 шақырымға аламан бәйгеде бақ сынасты. Сонымен қатар, қыз қуу, аударыспақ, теңге ілу ойындары да жарыстың көрігін қыздырды.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға 7 автокөлік, ақшалай сыйлықтар мен дипломдар беріледі.