«Балқарағай» демалыс кешенінде құмай тазылардың байқауы өтті
Бүгін Астана қаласы маңында орналасқан «Балқарағай» демалыс кешенінде қазақ құмай тазыларының республикалық байқауы өтті.
Іс-шара аясында көрермен назарына тазы иттердің көрмесі, тазы иттердің жарысы, бүркіттердің бәсекесі, сонымен бірге, концерттік бағдарлама ұсынылды.
Шараның мақсаты - қазақ халқының игілігі мен тарихи-мәдени мұрасының бір бөлігі саналатын қазақ тазысын насихаттау, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Іс-шараны ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдасығына қарасты «Құмай» федерациясы мен республикалық «Қансонар» қауымдастығы бірлесе ұйымдастырды.