Парадзюдодан Әлем чемпионатында ел қоржынына алтын медаль түсті
Лиссабонда өтіп жатқан парадзюдодан Әлем чемпионатында қазақстандық дзюдошы Олжас Оразалыұлы 60 келіге дейінгі салмақта Әлем чемпионы атанды.
Ол алғашқы белдесуінде Испаниялық Боржа Пахиссаны иппонмен, екінші кездесуінде жапон балуаны Такааки Хирайды, ширек финалда алжирлік Моулоуд Ноураны таза жеңді. Ал жартылай финалда әзірбайжандық Орхан Жараевты жеңсе, финалда алжирлік Ишак Оулдкоуидерді ұтып, ел қоржынына алтын медальді салды.