Қазақ күресі Азия ойындарының бағдарламасына енуі мүмкін (ФОТО)

Қазақ күресінің Олимпиада және Азия ойындарының спорт бағдарламасына енуі мүмкін. Бұл туралы бүгін «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры өткізген баспасөз мәслихатында мәлім болды. Алайда ол үшін қазақ күресі өз елімізде қарқынды дамуы керек. «Қазақстан барысы», «Еуразия барысы», «Жас барыс» және енді өтетін «Әлем барысы» осы бағытта жасалған жұмыстардың бір бөлшегі. «Болашақта қазақ күресі әлемдік деңгейге көтерілетін болса, онда оның атауын бір халықпен немесе ұлтпен байланыстыру – шетелде кедергілерге тап болуы мүмкін. Біздің басты мақсат қазақ күресі арқылы қазақтың бар дүниетанымы мен болмысын көрсету. Себебі Жапонияның сумосы да Олимпиадалық спорт бағдарламасына кірмейді. Алайда спорттың осы түрі арқылы бар әлем жапониялықтарды таниды» - дейді Қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев. «Қазақ күресін Олимпиадалық спорт бағдарламасына енгізу үшін көп жұмыс атқару керек. Осы уақытқа дейін де көп іс атқарылды. Біз дзюдоның олимпиадалық спорт түріне айналғанын зерттеп, жан-жақты саралаудамыз. Ең алдымен біз бұл спортты өз елімізде дамытып, насихаттау қажетпіз. Екіншіден, үлкен жарыстар арқылы оны әлемге танытып, мойындату қажет. Мысалы қазақ күресін Азия ойындарының қатарына енуі мүмкін. Біз хат жібердік» - деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Тастанбек Есентаев.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы футболдан Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімінде J тобына жайғасты
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы атанды
«Астана» «Челсиге» есе жіберді
Қазақстандық ауыр атлет Әлем чемпионы атанды
Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды